Latest News

Джиро д’Италия. 6-кезең. Таулы аймақта өткен қиын кезеңнен кейін Александр Власов 4-орынға көтерілді

Follow Us

Back To Top

Джиро д’Италия. 6-кезең. Таулы аймақта өткен қиын кезеңнен кейін Александр Власов 4-орынға көтерілді

«Джиро д’Италияның» 6-кезеңі мәресіне жетті. Бұл барлық шабандоздар үшін нағыз сынақ болды. Ауа-райының қолайсыздығы – толассыз жауған жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуі онсыз да үш асуы бар жарыс жолында қосымша қиындықтар туғызды.

Александр Власов жарыс жолының соңғы шақырымдарына дейін фавориттер тобында, алдыңғы қатарда болды. Содан кейін ол қарсыластарынан қалып қойды. Бірақ сонда да уақыт айрымашылығын азайтып, мәреге 10-болып келді. Нәтижесінде бас классификацияда 4-ші орынға көтерілді.

«Бұл өте қиын күн болды. Әсіресе ауа-райы өте суық болды. Аяғым мен қолымды сезбедім. Суық маған қатты әсер етті. Төмен түсу кезінде тежегішті басып, жылдамдықты азайту ​​мүмкін емес еді. Бірақ бәрі де кедергісіз өтті. Соңғы асуда қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Харольд Техада соңғы тауда маған үлкен қолдау көрсетті. Сондықтан финалға дейін біраз күш жинадым және басқа фавориттердің соңынан барынша ұзақ жүруге тырыстым. Алғашқы шабуылға жауап бере алдым. Бірақ екінші рет Берналь алға озып кетті. Нәтижесінде мәреге дейін өз жылдамдығыммен жүріп отырып, мүмкіндігінше уақыт жоғалтпауға тырыстым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Сондықтан жалпы алғанда кезеңнің нәтижесіне көңілім толады. Енді, біз күн сайын алға жылжып отырамыз. Мәселелерді дер кезде шешетін боламыз және мұның қандай нәтиже беретінін көре жатармыз», – деді Александр Власов.

Күні бойы көшбасшы топта болған швейцариялық Джино Мадер кезең жеңімпазы атанды. Мәреге шамамен 1.5 шақырым қалғанда фавориттер тобынан Эган Берналь шабуылға шығып, оған Александр Власовпен бірге бірнеше шабандоз ғана ілесе алды.

Содан кейін Берналь тағы да шабуылдап, Власовтың тобынан сәл басымылыққа ие болды. Нәтижесінде екі топтың уақыт айырмашылығы небәрі 17 секундты құрады.

Жалпы есепте венгриялық шабандоз Аттила Вальтер жаңа көшбасшыға айналды. Ал көшбасшыдан 24 секунд уақыт қана артта қалған Власов жалпы есепте 6-орыннан 4-орынға көтерілді.

Джиро дИталия, 6-кезең. Грот Фрасасси – Асколи Пичено (Сан-Джакомо), 160 шақырым.

Кезеңнің үздік үштігі: 1. Джино Мадер (Bahrain Victorious); 2. Эган Берналь (INEOS Grenadiers); 3. Дэн Мартин (Israel Start-Up Nation).

Astana – Premier Tech Кезеңнің үздік үштігі: 10. Александр Власов; 30. Харольд Техада; 62. Горка Исагирре.

Photo credit: @Getty Images