Back To Top

«Кюрне-Брюссель-Кюрне» веложарысында Артем Захаров шабуылға шықты

Қатарынан екінші мәрте өтіп жатқан классикалық жарыста Astana – Premier Tech командасы көшбасшы топта болды. Бұл жолы қазақстандық шабандоз Артем Захаров өзін тамаша қырынан көрсетті. Захаров күні бойы алдыңғы қатарда өткізіп, соңғы шақырымға дейін жарыста жеңіске жету үшін күресті.

Артем Захаров велододаның оныншы шақырымынан кейін шабуыл жасаған алғашқы шабандоздардың бірі болды. Ол бірнеше шабандозбен бірге 6 шабандоздан тұратын көшбасшы топ құрды. Алға озған топ негізгі топтан алты минуттай басымдылыққа ие болды.

Бірте-бірте пелотон уақыт айырмашылығын қысқарта бастады. Ал соңғы тастақты жолға жеткенде көшбасшы топтың басымдылығы екі минутқа дейін қысқарды. Сол уақытта Матье ван дер Пул мен Джонатан Нарваес негізгі топтан шабуылдады. Олар біраз уақыттан кейін көшбасшы топқа барып қосылды.

Жарыстың соңғы 50 шақырымында көшбасшылар мен олардың ізіне түскен шабандоздар арасында тартысты күрес болды. Олардың арасында Артем Захаров та бар болатын. Алайда, мәреге 1,5 шақырым қалғанда арасында қазақстандық шабандоз бар көшбасшы топты негізгі топ қуып жетті. Содан кейін жарыс тағдыры спринтте шешіліп, даниялық шабандоз Мадс Педерсен жеңіске жетті. Ал қиынға соққан жарыстан соң Захаров 26-нәтиже көрсетті.

«Жарыс басталысымен шабуылдар толастамады. Мен алдыңғы қатарда болдым және алға озу үшін оңтайлы сәтті күттім. Асуға жеткенде Bora Hansgrohe командасының шабандозымен бірге шабуыл жасадым. Көп ұзамай алға оздық, ал кейінірек бізге тағы бірнеше шабандоз келіп қосылды. Нәтижесінде көшбасшы топ құрдық. Жақсы топ жиналып, өзімді ойдағыдай сезіндім және барлығымен бір деңгейде жұмыс жасауға тырыстым. Оған қоса финалға дейін күшімді сақтап қалуға барымды салдым. Ауде Кваремонта Матье ван дер Пул біздің тобымызды қуып жетті және біз басымдылығымызды сақтап қалу үшін жұмыс жасауды одан әрі жалғастырдық. Мен бабыма келуге тырыстым және біраз уақыт шабандоздардың соңынан ілесіп отырдым. Бірақ басымдылығым бәсеңдей бастағанда топқа көмектесіп, жарыс жолына ауысыммен шыға бастадым. Мәреге жетеміз деп үміттендім. Аяқатарым жақсы жұмыс істегендіктен, жүлделі орындар үшін таласқым келді. Бірақ, негізгі топ бізді қуып жетты. Ал спринтте бірдеңе жасау онсыз да мүмкін болмады. Жарысқа көңілім толады және маған өте ұнады», – деді Артем Захаров.

Кюрне-Брюссель-Кюрне (197 шақырым)

Үздік үштік: 1. Мадс Педерсен (Trek Segafredo), 2. Антони Туржи (Team Total Direct Energie), 3. Том Пидкок (INEOS Grenadiers).

Astana – Premier Tech Үздік үштік : 26. Артем Захаров, 50. Алекс Аранбуру, 52. Горка Исагирре.