Back To Top

Astana Qazaqstan Team жаңа құрлықтық жастар командасын құрады

Astana Qazaqstan Team 23 жасқа дейінгі велошабандоздар үшін жаңа құрлықтық UCIкомандасын құратыны жайлы қуана хабарлайды. Жаңа жоба Astana Qazaqstan Development Team атауына ие болады және болашақта әлемдік турға өту мүмкіндігі болатын жас таланттарды өсіруге бағытталған.

Команда Astana Qazaqstan Team әлемдік турының басты командасы секілді заң құрылымының аясында құрылады. Команданың 2022 жылғы жаңа маусымдағы басты мақсаттары – Еуропадағы ең беделді жастар жарысында, сондай-ақ бірқатар кәсіби деңгейдегі жарыстарда өнер көрсету.

“Қазір жас талантты шабандоздармен жақсы және жүйелі жұмыстар жүргізу қажет. Сол себепті көптеген командалар өздерінің жастар жобасын қолға алды. “Астана” жастар командасы туралы бұрыннан жоспарым болатын, енді міне құрылымымызда 23 жасқа дейінгі шабандоздар үшін команда құру мүмкіндігі пайда болды. Бұл ұлттық велосипед жобасы ретінде жаһандық даму тұрғысынан алға қарай үлкен және маңызды қадам деп ойлаймын және біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін. Біз континенталды команда Еуропадағы ең маңызды жастар жарыстарын қамтитындай жақсы күнтізбені құруға UCIлицензиясын алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі уақытта біз он адамнан тұратын құрамды қарастырудамыз, қазақстандық жігіттерге басымдық бере отырып, басқа елдерден де бірнеше талантты шабандоздарды шақыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, біз мықты команда құруға мүмкіндік аламыз, онда спортшылар біздің басты командамыздың деңгейіне біртіндеп шығу үшін тәжірибе жинап, бір – бірінен үйренуге мүмкіндік алады”, – деді AstanaQazaqstan Team бас менеджері Александр Винокуров.

 

“Біздің Федерация Қазақстанның басты велоспорттағы командасы-Astana Qazaqstan Teamқұрылымында осы жастар командасын құруды құптайды және қолдайды. Бастапқыда, ” Астана” жобасы отандық жастар велоспортына серпін беру үшін құрылған болатын және жаңа команданың көмегімен біз өте жақсы құрылым жасақтап, онда жас таланттар мықты күнтізбелік жоспары арқылы әлемдік тур деңгейіне дейін өсетін болады”, – деді Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов.